Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстан — Өзбекстан жекпе-жегі екі нокдаунмен аяқталды

Редактор Penalty.kz
10.04.2025, 21:46

Карағандыда KCF2 турнирі аясында өткен жекпе-жек қазақстандық жанкүйерлерге ұмытылмас әсер қалдырды.

instagraml@kyokushin.combat
instagraml@kyokushin.combat

2025 жылдың 10 сәуірінде Карағандыда өткен KCF2 турнирінде K-1 ережесі бойынша әсерлі жекпе-жек өтті. 66 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық спортшы Сергей Каталов өзбекстандық Абдулазиз Адхамовпен қолғап түйістірді. Каталов үш раунд бойы рингте толық басымдық танытып, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады.

Жекпе-жектің соңғы раундында Каталов екі нокдаун жасап, өзінің айқын басымдығын дәлелдеді. Осылайша, төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық спортшыға берді.

Спортшылар туралы

Абдулазиз Адхамов – кикбоксингтен Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Өзбекстандық спортшының тәжірибесі мен титулдарына қарамастан, бұл кеште ол Каталовтың қысымына төтеп бере алмады.

Сергей Каталов – әуесқойлар арасындағы кикбоксингтен Азия чемпионы және Әлем кубогының иегері. Бұл жеңісі оның спорттық мансабындағы кезекті жарқын жетістікке айналды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір