
Қазақстандық балуан Жәмилә Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әйелдер күресі бойынша әлемдік рейтингтің бірінші сатысына көтерілді.
Наурыз айында Иорданияның Амман қаласында өткен Азия чемпионатында отандасымыз алтын медаль иеленіп, UWW жаңартылған рейтингінде 51 мың ұпаймен көш бастады.
Жәмилә рейтингте бұрынғы көшбасшы – жапониялық Ами Исииден (43 мың ұпай) озып кетті. Айта кетейік, Исии — қазіргі әлем және Азия чемпионы. Үшінші орынды 31,5 мың ұпаймен Моңғолия өкілі Болортунгалаг Зоригт иеленіп отыр.
Бұл — Бақбергенованың Азия чемпионаттарындағы төртінші алтын жүлдесі. Бұған дейін ол:
Сонымен қатар оның еншісінде:
Жәмилә Бақбергенова қазіргі таңда Қазақстан әйелдер күресінің символына айналды. Оның табандылығы мен тұрақты нәтижелері еліміздің спорттағы абыройын арттыруда ерекше рөл атқарып отыр.