
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сатжанов Бразилиядағы кезеңнің қорытындысын шығарды.
Фос-ду-Игуасу (Бразилия) қаласында World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен бокстан Әлем кубогының алғашқы кезеңі өтті. Бұл турнирге 18 елден 130 спортшы қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасы төрт медаль жеңіп, жалпыкомандалық есепте үшінші орын иеленді.
Қазақстан командасының бас бапкері Қайрат Сатжанов турнирдің қорытындысын шығарып, спортшылардың өнеріне баға берді.
Сатжановтың айтуынша, Бразилияға құраманың үшінші және төртінші нөмірлі спортшылары барған. Сегіз боксшы рингке шықты, оның ішінде екі алтын иесі ерекше көзге түсті.
“Дәулет техникалық және физикалық тұрғыдан өте мықты дайындалғанын көрсетті”, – деді бапкер.
Қола медаль иегерлері: Молжігітов пен Сапарбай
Екеуі де табандылық танытып, сенімді өнер көрсетті, айтарлықтай қателіктерге жол бермеген.
Әлем кубогының екінші кезеңі енді Қазақстанда өтеді. Оған ұлттық құраманың негізгі ойыншылары қатысады. Мамыр айында АҚШ, Ұлыбритания және Бразилиядан келген боксшылармен бірлескен оқу-жаттығу жиыны жоспарланған.
Сонымен қатар, Баку қаласында “Жібек жолы” халықаралық турнирі, ал Хабаровскіде Константин Коротковты еске алуға арналған жарыс өтеді. Ресейдегі турнирге төмендегі 11 спортшы қатысады: