Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қарағандылық әлем чемпионы Аида Әбікееваға көлік сыйға тартылды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
14.04.2025, 22:30

Бүгін Қарағандыда бокстан 2025 жылғы әлем чемпионы Аида Әбікееваға ерекше құрмет көрсетілді. Ел мерейін асырған спортшы Chevrolet Monza көлігінің иесі атанды.

фото ашық дереккөздерден алынды
фото ашық дереккөздерден алынды

Көлік кілтін Қарағанды облыстық бокс федерациясының президенті, кәсіпкер Камалутин Халиков өз қолымен табыстады. Ал Аиданың жеке жаттықтырушысы Ислам Абдраимовқа 3000 АҚШ доллары (шамамен 1,5 миллион теңге) көлемінде сертификат берілді.

Аида Әбікева 63 келі салмақ дәрежесінде 2025 жылғы әлем чемпионатында алтын жүлде иеленді. Ол — Қарағанды әйелдер боксының тарихында әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы. Бұл — өңір спорты үшін айтулы жетістік.

Аидамен бірге Қазақстан қоржынына алтын медаль салған тағы екі боксшы бар:

  • Назым Қызайбай (48 кг)
  • Алуа Балқыбекова (50 кг)

Олардың әрқайсысы 215 000 АҚШ долларынан сыйақы алды:

  • $100 000 — Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) сыйлығы
  • $15 000 — Мемлекеттен берілген сыйақы
  • $100 000 — Қазақстан бокс федерациясының марапаты
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір