
Хабаровскіде (Ресей) 14–20 сәуір аралығында өтетін Константин Коротковты еске алу турнирінде қазақстандық Сәкен Бибосынов пен өзбекстандық Хасанбой Дусматов арасындағы ықтимал жекпе-жекке байланысты Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитеті (ҰОК) ресми мәлімдеме жасады.
Өзбекстан ҰОК сайтындағы мәліметке сүйенсек, жарыс алдында өткен жеребе нәтижесі 54 келі салмақ дәрежесіндегі жағдайды ерекше қызықты еткен.
“Хабаровскіде өтетін халықаралық турнирде Хасанбой Дусматов алғашқы айналымда Тәжікстан спортшысы Хасан Салоходдиновпен кездеседі. Егер “Профессор” жеңіске жетсе, келесі қарсыласы — туған інісі Фарезбек Дусматов болуы мүмкін. Бұл жұптың жеңімпазы жартылай финалда Қазақстан өкілі Сәкен Бибосыновпен кездесуі ықтимал”, — деп жазады Өзбекстан ҰОК.
Сәкен Бибосынов — Қазақстан боксының жарқын өкілі, Токио Олимпиадасының жүлдегері және әлем чемпионатының жеңімпазы. Ол халықаралық турнирлерде тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Ал Хасанбой Дусматов — 2016 және 2024 жылғы Олимпиада чемпионы, Өзбекстан боксының аңызына айналған спортшы.