Ақтауда ересектер арасында каратэден үздіктер анықталды

Сарапшы, спорт журналисі

 Ақтауда ересектер арасында Қазақстанның карате чемпионаты өтті. Жарыс биыл ерекше рекордпен есте қалды.

Ақтауда ересектер арасында каратэден үздіктер анықталды
olympic.kz

Қазақстан чемпионатына елдің әр өңірінен келген 400-ге жуық спортшы қатысты. Бұл турнир тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған бәсеке ұлттық құраманың жаңа құрамын жасақтауға негіз болды.

Ерлер арасында чемпион атанғандар:

  • 55 кг: Мирас Әбдіқадыр
  • 60 кг: Нұрбек Кенжебай
  • 67 кг: Еркінбей Байтөреев
  • 75 кг: Нұрқанат Әжіқанов
  • 84 кг: Данияр Юлдашев
  • +84 кг: Дияс Ұлбек

Әйелдер арасында топ жарғандар:

  • 50 кг: Мөлдір Жаңбырбай
  • 55 кг: Айшабибі Шарахан
  • 61 кг: Әсел Қанай
  • 68 кг: Даяна Даренская
  • +68 кг: Софья Берульцева

Чемпионат қорытындысы бойынша құрлықтық және әлемдік жарыстарда Қазақстан намысын қорғайтын ұлттық құраманың жаңа құрамы бекітілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің ішінен ең үздіктер іріктеліп алынды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір