Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Төрт финалист, ал қалғаны... Бакуде кім нокаут алды, кім арманын жалғастырады?

Сарапшы, спорт журналисі

Баку қаласында (Әзербайжан) өтіп жатқан халықаралық "Ұлы Жібек жолы" турнирінде жартылай финалдық айқастар мәресіне жетті. Қазақстандық боксшылардың нәтижелерін назарларыңызға ұсынамыз.

Төрт финалист, ал қалғаны... Бакуде кім нокаут алды, кім арманын жалғастырады?
Instagram/@boxingkazakhstan

Ерлер арасындағы жекпе-жектер нәтижесі: 

  • 48 келі: Нұрғиса Турабеков әзербайжандық Субхан Мамедовпен күш сынасып, 0:5 есебімен жеңіліс тапты.
  • 54 келі: Жандәулет Сәрсенбаев Ресей боксшысы Максим Кузнецовтан 0:5 есебімен ұтылды.
  • 54 келі: Бағлан Кенжебек өзбекстандық Шахзод Музаффаровты 4:1 есебімен жеңіп, финалға шықты.
  • 57 келі: Ерхан Тұрдан ресейлік Эдуард Саввинмен кездесуде жарақат алып, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Жеңіс Саввинге берілді.
  • 67 келі: Дулат Бекбауов та жарақатына байланысты рингтен бас тартты. Жеңіс Наби Искендаровқа (Әзербайжан) жазылды.
  • 67 келі: Асылхан Көшербай Ресей боксшысы Евгений Коольден үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіліп қалды.
  • 71 келі: Нұрбек Мурсал өзбекстандық Сардор Абдумуталиевті 5:0 есебімен таза жеңіп, финал жолдамасын иеленді.
  • 75 келі: Санжаралы Бегалиев ресейлік Амин Кушховтан 4:1 есебімен басым түсті. 
  • 86 келі: Дәурен Мамыр өзбек Джасурбек Юлдашевқа 0:5 есебімен есе жіберді.

Әйелдер арасындағы нәтижелер: 

  • 48 келі: Гүлнәз Бөрібаева ресейлік Лия Патлайдан 0:5 есебімен ұтылды.
  • 50 келі: Елянур Турғанова өзбекстандық Сабина Бобокуловадан жеңіліп қалды (0:5).
  • 52 келі: Анжа Сәдуақасова ресейлік Валерия Линьковадан 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп шықты.
  • 52 келі: Томирис Мырзақұл әзербайжандық Зейнаб Рахимовадан жеңілді (0:5).
  • 54 келі: Элина Базарова қарсыласы Бахия Ибрахимованы (Әзербайжан) бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
  • 54 келі: Сымбат Әлиасқар ресейлік Дарья Пантелеевамен жекпе-жекте 0:5 есебімен жеңіліп қалды.
  • 57 келі: Виктория Байдукова әзербайжандық Айнур Микайлованы үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп шықты.
  • 70 келі: Әзиза Исина ресейлік Ангелина Витоваға 0:5 есебімен жол берді.
  • 81+ келі: Дина Исламбекова әзербайжандық Айнур Рзаевамен тартысты кездесуде 1:4 есебімен жеңілді.

Қазақстан құрамасы үшін турнирдің жартылай финалы оңайға соқпады. Өзбекстан мен Ресей құрамаларының мықты өкілдерімен болған жекпе-жектерде бірнеше спортшымыз есе жібергенімен, төрт боксшымыз финалға жолдама алды:

  1. Бағлан Кенжебек (54 кг)
  2. Нұрбек Мурсал (71 кг)
  3. Санжаралы Бегалиев (75 кг)
  4. Анжа Сәдуақасова (52 кг, әйелдер)
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір