84-секундтағы нокаут! Рауан Бекболат Қытайда өткен беделді турнирде қарсыласын күйрете жеңді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық ММА файтері Рауан Бекболат Шэньчжэнь қаласында өткен BRAVE CF 93 турнирінде әсерлі жеңіске жетті. Ол қарсыласын небәрі 84-секундта нокаутқа түсірді.

84-секундтағы нокаут! Рауан Бекболат Қытайда өткен беделді турнирде қарсыласын күйрете жеңді (ВИДЕО)
runasport.com

Рауан Бекболат (10-3-2) Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен BRAVE CF 93 турнирінде Зеки Дуоджи (7-0) есімді жергілікті, осыған дейін жеңілмеген спортшыны алғашқы раундта-ақ нокаутқа жіберді. .

Жекпе-жек небәрі 1 минут 24 секундқа созылды. Қарсыласқа жасалған дене соққысы нәтижесінде Зеки Дуоджи нокдаунға түсіп, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Осылайша қазақстандық спортшы өзінің кәсіби мансабындағы 11-ші жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, BRAVE CF 93 турнирінің басты жекпе-жектерінің бірі — қазақстандық файтер Олжас Есқараев (16-7) пен грузиялық тәжірибелі спортшы Рауль Тутаруали (35-8) арасындағы кездесу болады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 3
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір