Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

WBC Гран-приінде қазақстандық техникалық нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
18.04.2025, 19:37

Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев Сауд Арабиясында өтіп жатқан ерекше Гран-при турнирін сенімді жеңіспен бастады.

sputnik.kz
sputnik.kz

Сауд Арабиясында WBC және Турки әл аш-Шейх ұйымдастырған ауқымды бокс турнирінде Санатәлі Төлтаев 1/16 финалдық кезеңінде шаршы алаңға шықты. Оның қарсыласы — Венесуэла елінің өкілі Герман Брочеро болды.

Жекпе-жек бірінші жартылай орта салмақта өтті және алты раундқа жоспарланған еді. Жекпе-жектің басынан-ақ Төлтаев шабуылда белсенді болып, қарсыласын тығырыққа тіреген. Нәтижесінде төреші бұдан әрі жекпе-жекті жалғастырудың мәні жоқ деп шешіп, қазақстандық боксшыға техникалық нокаутпен жеңіс берді.

Бұл Санатәлі Төлтаевтың кәсіби мансабындағы үшінші жеңісі болды. Айта кету керек, Герман Брочеро үшін бұл алғашқы жеңіліс.

1/16 финалдағы жеңіс үшін Төлтаев 15 000 АҚШ долларын иеленді. Ал жеңілген боксшы 7 500 доллар көлемінде сыйақы алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір