ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Қазақстан – Қырғызстан жекпе-жегінің тағдырын нокаут шешті

Сағындық Тоғамбай Хабаровскіде өткен халықаралық турнирдің жартылай финалында қарсыласын нокаутқа жіберіп, финалға жолдама алды.

Қазақстан – Қырғызстан жекпе-жегінің тағдырын нокаут шешті
inform.kz

Хабаровсктегі Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық бокс турнирінде 92 келіге дейінгі салмақта Қазақстан мен Қырғызстанның боксшылары финал жолдасасын сарапқа салды. 

Сағындық Тоғамбай мен Бакыт Тоқтосун уулу (Қырғызстан) арасындағы тартысты жекпе-жекте шешуші сәт екінші раундта болды. Тоғамбай қарсыласын екі рет қатарынан нокдаунға жіберді. Рефери айқын басымдықты ескеріп, жекпе-жекті тоқтатты.

Осылайша Сағындық Тоғамбай финалға шықса, Бакыт Тоқтосун уулу турнирдің қола жүлдегері атанды.

Сагындық Тоғамбай – 2022 жылғы Азия чемпионаты мен Азия ойындарының қола жүлдегері. Ол бұл турнирдегі алғашқы кездесуінде ресейлік Егор Плоцынды 5:0 есебімен сенімді түрде жеңген еді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.