Ресей Қазақстанды финалға жібермеді

Сарапшы, спорт журналисі

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Қоротков турнирінің жартылай финалында ресейлік қарсыласына есе жіберді. 

Ресей Қазақстанды финалға жібермеді
runasport.com

Хабаровскте Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирде 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жартылай финалға дейін жетті. Оның қарсыласы – жергілікті спортшы Егор Козорезов болды.

Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жекте төрешілер бірауыздан (5:0) жеңісті ресейлік боксшыға берді. Осылайша Козорезов финалға жолдама алса, Базарбайұлы турнирдің қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы бұл турнирдегі алғашқы кездесуінде Беларусь өкілі Даниил Титконы бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңген болатын. Төреші қазақстандық боксшының басымдығын ескере отырып, жекпе-жекті ерте тоқтатты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 2
😂 1
😡 4
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір