ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Қазақстан — Өзбекстан дуэлі турнир финалисін анықтады

Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирдің жартылай финалында Қазақстанның үмітті боксшысы Жандос Қыдыралиев рингке шықты.

Қазақстан — Өзбекстан дуэлі турнир финалисін анықтады
newtimes.kz

63,5 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жандос финал жолдамасын Өзбекстан өкілі Абдулло Мадаминовпен сарапқа салды.

Үш раундқа созылған қызу айқаста төрешілер Абдулло Мадаминовтің қолын көтеріп, бірауыздан жеңіске жеткенін жариялады. Осылайша, Қыдыралиев жартылай финалда тоқтап, турнирдің қола жүлдегері атанды.

Айта кету керек, Жандос Қыдыралиев ширек финалда ресейлік Габил Мамедовпен кездесуі тиіс болған. Бірақ Мамедов жекпе-жектен бас тартып, Қыдыралиев жартылай финалға автоматты түрде өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.