Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық боксшылар "алтын" үшін қалай шайқасты: Хабаровсктегі турнирдің қорытындылары

Редактор Penalty.kz
19.04.2025, 16:30

Ресейдің Хабаровск қаласында Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық бокс турнирі өз мәресіне жетті. 

Instagram/@alashsporty
Instagram/@alashsporty

Дәстүрлі турнирге Қазақстан құрамасының боксшылары да қатысты. Соңғы жарыс күнінде алты отандасымыз финалға шығып, алтын медаль үшін жұдырықтасты.

Қазақстанның ерлер құрамасы бұл додада сәтті өнер көрсетті. Екі боксшымыз алтын медаль иеленіп, ел қоржынына қуаныш сыйлады:

  • Сәкен Бибосынов (54 кг) ресейлік Денис Пальшинді айқын басымдықпен 5:0 есебімен жеңіп, чемпион атанды.
  • Нұрлан Сапарбай (+92 кг) аса ауыр салмақта ресейлік Орудж Мамедовты 5:0 есебімен ұтты. 
  • Ал 92 келіге дейінгі салмақта Сағындық Тоғамбай ресейлік Сергей Слободянға есе жіберіп, күміс медальмен шектелді (0:5).

Қазақ қыздары "алтыннан" құр қалды. Финалға шыққан үш боксшы да қарсыластарына жол беріп, турнирді екінші орынмен аяқтады:

  • 57 кг: Айдана Забынбекова — Сон Хен Ку (КХДР) — 0:5;
  • 60 кг: Римма Волосенко — Ирина Автина (Ресей) — 2:3;
  • 66 кг: Ұлдана Таубай — Хоан Хе Су (КХДР) — 0:5.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 4
😂 0
😡 6

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір