Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Сәкен Бибосынов жарақаттан кейінгі алғашқы жеңісі туралы мәлімдеме жасады

Редактор Penalty.kz
19.04.2025, 21:10

Олимпиада жүлдегері халықаралық турнирде топ жарып, жанкүйерлеріне үндеу жолдады. 

Instagram/@sakenbibosinov
Instagram/@sakenbibosinov

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Қазақстан ұлттық құрамасының боксшысы Сәкен Бибосынов Ресейдің Хабаровск қаласында өткен Константин Коротков атындағы халықаралық турнирде чемпион атанды. Жеңісті жекпе-жектен кейін ол Instagram парақшасында қазақстандықтарға арнайы мәлімдеме жасады

"Қазақстан халқына сәлем! Ресейдің Хабаровск қаласында өткен халықаралық турнирдің чемпионы атандым. Бұл — ауыр жарақаттан кейінгі менің алғашқы жарысым. Қазір бабымды біртіндеп қайта қалыпқа келтіріп жатырмын", — деп жазды Бибосынов.

54 келі салмақ дәрежесінің финалында Сәкен Бибосынов ресейлік Денис Пальшинді айқын басымдықпен жеңді. Жекпе-жектің барлық раундтарында басым болған қазақ боксшысы төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен алтын медаль иеленді.

Сәкен Бибосынов бұған дейін 2024 жылы Тайландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатында ауыр жарақат алған. Соның салдарынан операция жасатып, біраз уақыт рингтен тыс қалды. Осы турнир — оның жарақаттан кейінгі рингке оралуының алғашқы кезеңі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір