Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Асу Алмабаев UFC-дегі жанжалдан кейін Қазақстаннан кетті

Редактор Penalty.kz
22.04.2025, 21:01

Қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың UFC-дегі соңғы жекпе-жегі үлкен дау тудырды. Енді спортшы дайындықты елден тыс жерде жалғастырып жатыр.

vesti.kz
vesti.kz

Бұл туралы оның жеке бапкері Эдуард Базров “Спорт Шредингер” порталына берген сұхбатында айтты.

2 наурыз күні өткен UFC Fight Night 253 турнирінде Асу Алмабаев Мануэл Капемен жекпе-жекке шыққан. Қарсыласы бірнеше мәрте Асудың көзіне қол тигізгенімен, рефери бұл сәттерге назар аудармаған. Ақыры үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіліс тапты.

Аталған эпизод UFC жанкүйерлерінің арасында қызу талқыға түсті. Сарапшылар мен жанкүйерлер ереже бұзушылыққа қатаң жаза қолдануды талап етті.

Эдуард Базров шәкірті Асу Алмабаевтың қазіргі жағдайы туралы айтып берді:

“Қазір Асу Солтүстік Осетияда оқу-жаттығу жиынында. Оның келесі жекпе-жегіне қатысты нақты ақпарат алдағы күндері белгілі болады. Бастапқыда Баку қаласында айқасу жоспарланған, бірақ бұл мүмкіндік іске аспады. Енді виза қажет емес елде жекпе-жек өткізу жолын қарастырып жатырмыз”, – деді бапкер.

Базровтың айтуынша, Алмабаевтың келесі қарсыласы Стив Эрцег болуы әбден мүмкін. Олар бұған дейін де дәл осы қарсыласқа дайындалып үлгерген.

“Эрцегпен жекпе-жек қызықты болар еді. Біз бастапқыда соған дайындалғанбыз”, – дейді Базров.

Мануэл Капемен болған кездесу Алмабаев үшін UFC-дегі бесінші жекпе-жек болды. Бұған дейінгі төрт айқаста да жеңіске жеткен. Жалпы кәсіби мансабында 17 рет қатарынан жеңіп, тек үш мәрте жеңілген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір