"Қазақ жауынгері" WBA белбеуін қорғау үшін тағы бір жеңілмеген боксшымен жұдырықтасады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы, жеңіліс көрмеген Елшат Нығметолла (21-0-1, 8 KO) келесі жекпе-жегінің нақты уақыты мен қарсыласын білді.
“Қазақ жауынгері” деген лақап атымен танылған Елшат 3 мамырда Бангкок қаласында рингке шығады. Бұл жолғы қарсыласы — Намибиядан келген жеңілмеген боксшы Филлемон Нгутенанье (12-0-1, 4 KO) болмақ.
Жекпе-жекте WBA Asia тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Бұл титул қазір Елшаттың еншісінде.
Елшат Нығметолла WBA Asia чемпиондық титулын биыл, 1 ақпанда дәл сол Бангкокте өткен жекпе-жекте жеңіп алған. Сол кезде индонезиялық Фласидус Нуноны (10-2-2, 8 KO) төртінші раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірген.
Осылайша қазақстандық боксшы өзінің жеңіліссіз сериясын 21 жеңіске дейін жеткізіп, Азияда үлкен беделге ие болды.
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.