Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Шавкат Рахмонов октагонға оралады

Редактор Penalty.kz
22.04.2025, 15:06

Қазақстандық ММА жұлдызы Шавкат Рахмоновтың (19-0) UFC-дегі келесі жекпе-жегіне қатысты нақты деректер жарияланды.

offside.kz
offside.kz

Бұл туралы спортшының жеке бапкері Эдуард Базров ”Спорт Шредингер” порталына мәлім етті.

Бапкердің айтуынша, Шавкат қазір Алматыда дайындық жүргізіп жатыр. Жарақатынан толық айыққан файтер оқу-жаттығу процесін қайта бастады.

“Шавкаттың физикалық жағдайы жақсарып келеді. Жүктемелер алып жатыр, қозғалыс динамикасы жақсы. Толыққанды жаттығуға қайта оралды. Оның октагонға 2025 жылдың күзінде, шамамен қазан айында оралатынын жоспарлап отырмыз. Уақытты босқа өткізуге болмайды — жаңа қарсыластар пайда болып жатыр”, – деді Эдуард Базров.

Базровтың сөзінше, бастапқыда Рахмонов UFC 315 турнирінде ұйым чемпионы Белал Мұхаммадқа қарсы негізгі жекпе-жекте шығуы керек болған. Алайда жарақатына байланысты бұл жоспар кейінге қалды. Нәтижесінде Белал Джек Делла Маддаленаға қарсы шығады.

“Меніңше, бұл айқаста Белал жеңіске жетеді. Ал осыдан кейін біз Шавкаттың чемпиондық мүмкіндігін жүзеге асырамыз деп үміттенемін. Шавкаттың басты арманы – чемпиондық белбеу үшін айқасу”, – деді бапкер.

Эдуард Базров. ФОТО: meta-ratings.kz

Шавкат Рахмонов соңғы кездесуін 2024 жылдың желтоқсанында өткізді. Ол кезде ол UFC 310 турнирінде Иан Гэрриді төрешілердің бір ауызды шешімімен жеңіп, жеңіліссіз рекордын 19-0-ге жеткізген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 4
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір