ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

"Канело" Альварес Биволмен реванш өткізгісі келеді

Екінші орта салмақта WBC, WBA және WBO чемпиондық белбеулерінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альварес ресейлік боксшы, жартылай ауыр салмақтағы WBA, IBF және WBO чемпионы Дмитрий Биволмен реванш өткізгісі келетінін мәлімдеді. 

"Канело" Альварес Биволмен реванш өткізгісі келеді
championat.com

Әлемдік бокс сахнасында тағы бір үлкен жекпе-жек өтпек. Альварестің мақсаты – өткен қателіктерді түзету. 

"Биволмен реванш өткізу мүмкіндігі туады деп үміттенемін. Бұл жартылай ауыр салмақта келісетін жалғыз жекпе-жек болар еді. Мен жеңілістен кейін дұрыс қорытынды жасап, әлдеқайда мықты болдым. Жүрегім маған: "Сен одан да жақсы боксшысың екенін көрсетуге тиіссің", – дейді", – деп келтіреді Альварестің сөзін SecondsOut порталы.

Еске салайық, Сауль Альварес пен Дмитрий Бивол арасындағы алғашқы жекпе-жек 2022 жылдың 7 мамырында АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында өтті. Тартысты өткен 12 раундтың нәтижесінде жеңіс Дмитрий Биволдың еншісіне жазылды. Төрешілер оны бірауыздан жеңімпаз деп таныды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.