ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 25-тур

"Мен – мықтырақпын": Теренс Кроуфорд Канеломен айқас алдында батыл мәлімдеме жасады

Кәсіпқой бокстың қос алыбы Теренс Кроуфорд пен Сауль "Канело" Альварес арасындағы тарихи жекпе-жек 12 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.

"Мен – мықтырақпын": Теренс Кроуфорд Канеломен айқас алдында батыл мәлімдеме жасады
sportbox.ru

WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы және WBO-ның уақытша белбеуінің иегері Теренс Кроуфорд көптен күткен жекпе-жекке қатысты өз ойын айтты. Бұл туралы Prosports.kz порталы хабарлады.

Канело Уильям Скуллды жеңіп, абсолютті чемпион атағын қайта иеленген соң рингке көтерілген Кроуфорд мынадай мәлімдеме жасады:

"Мен бұл жерде жайдан-жай тұрғаным жоқ. Барлығының өз себебі бар. Қыркүйекте сіздер нағыз ұлылықты көресіздер. Канело өзінің міндетін орындады. Бірақ мен – ең мықты боксшымын. Сол себепті жеңіс менікі болады. 12 қыркүйекке дайын болыңыздар – бәрі анық болады".

Еске сала кетейік, Сауль Альварес бүгін Уильям Скуллды төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, екінші орта салмақта абсолютті чемпиондық атағын қайта қайтарып алды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.