
25 мамыр күні DAZN платформасында көрсетілетін бокс кешінде отандасымыз кәсіпқой бокс мансабындағы ең маңызды сынақтарының бірін өткізбек.
Рай Сейтжанов алғаш рет Англияда жекпе-жек өткізеді – DAZN көрсетеді
Кәсіпқой боксшы Рай Сейтжанов 25 мамыр күні Англия астанасы Лондонда өтетін бокс кешінде рингке шығады. Бұл оның Батыс Еуропадағы алғашқы жекпе-жегі болмақ. Ақпаратты BoxRec.com ресурсы растады.
Кездесу 25 мамыр күні Лондонда өтеді. Жекпе-жек кешін әлемге танымал стриминг платформасы – DAZN тікелей эфирде көрсетеді. Қазіргі таңда қарсыласының есімі ресми түрде жарияланған жоқ.
Қазақстандық боксшы өзінің соңғы кездесуін 2023 жылдың 13 желтоқсанында Мәскеуде өткізіп, ресейлік Вадим Мусаевты (12-0, 8 КО) бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Бұл оның кәсіпқой мансабындағы ең ірі жеңістерінің бірі саналады.
Мәскеуге дейін Рай тек Қазақстанда ғана жұдырықтасқан болатын. Енді ол алғаш рет Тұманды Альбионда шаршы алаңға шықпақ.
Жекпе-жек: 12
Жеңіс: 11
Жеңіліс: 1
Нокаутпен жеңіс: 7