ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

Канелоның қарсыласы Алматыда жекпе-жек өткізеді

Авни Йылдырым All Stars Boxing кешінде ресейлік Игорь Михалкинмен жұдырықтасады.

Канелоның қарсыласы Алматыда жекпе-жек өткізеді
espn.com

Алматыда All Stars Boxing бокс кеші өтеді

Алматыда 6 маусым күні халықаралық деңгейдегі All Stars Boxing сериясы аясында кәсіби бокс кеші өтеді. Бұл кеште рингке отандық былғары қолғап шеберлерімен қатар шетелдік танымал спортшылар да шығады.

Кештің басты жекпе-жектерінің бірі — жартылай ауыр салмақтағы түркиялық Авни Йылдырым мен ресейлік Игорь Михалкин арасындағы кездесу болмақ.

Авни Йылдырым — Канелоға қарсы шыққан

Йылдырым — тәжірибелі боксшы, оның кәсіпқой рингтегі көрсеткіші: 26 жеңіс, 5 жеңіліс, 15 нокаут. Соңғы рет ол 2023 жылдың 9 қарашасында Дубайда жұдырықтасып, ресейлік Сергей Гороховты (15-11-2, 10 КО) үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Ең атаулы жекпе-жектерінің бірі — 2021 жылы әлемге әйгілі мексикалық чемпион Сауль «Канело» Альвареспен болған кездесуі. Бұл айқаста WBC белбеуі сарапқа салынған еді, алайда Йылдырым сол жолы жеңіліп қалды.

Игорь Михалкин — IBO нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы

Михалкин 2022 жылдың қарашасынан бері рингке шықпаған. Оның соңғы қарсыласы қырғызстандық Дилмұрод Сатыбалдиев (15-5, 6 КО) болған еді — бұл жекпе-жекте ресейлік боксшы төрешілердің бір ауыздан шешімімен жеңіске жетті.

Игорь өзінің мансабында IBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағын иеленген. Жалпы көрсеткіші: 25 жеңіс, 3 жеңіліс, 11 нокаут.

Алматыдағы жекпе-жек

Екі қарсылас та — әлемдік аренада танымал, тәжірибесі мол боксшылар. Бұл айқас көрермендер үшін нағыз бокс шоуына айналуы мүмкін. Алматыдағы All Stars Boxing кеші көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлайды деп күтілуде.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.