ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Әбиба Әбужақынова неге Астанада бой көрсетпеді?

Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры Айбек Имашев әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынованың неге Астана Grand Slam турниріне қатыспағанын түсіндірді.

Әбиба Әбужақынова неге Астанада бой көрсетпеді?
olympic.kz

Әбиба Азия чемпионатына дайындалған

Имашев бұл туралы "Бірінші бол" YouTube арнасында хабарлады.

"Әбиба бұл жарысқа қатысқан жоқ. Ол — Қазақстан чемпионы. Сондықтан Азия чемпионатына қатысу үшін дайындық жүргізді. Бізде ұлттық құрамада нөмірге бөліну жоқ — бірінші ме, екінші ме, маңызды емес. Бапкерлік штаб тек спортшының сол турнирге нақты дайындығына қарай шешім қабылдайды", — деді Имашев.

Тәжікстанда қола жүлде иеленген

Айта кетейік, Әбужақынова мамыр айының басында Тәжікстан астанасы Душанбе қаласындағы Grand Slam турнирінде сәтті өнер көрсетті. Жартылай финалда ол қытайлвқ Вэньне Чжуанға жол беріп, нәтижесінде қола медаль еншіледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.