ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Сауд Арабиясында шайқас басталады: WBC Гран-приінде қазақ боксшыларын не күтіп тұр?

Беделді WBC және Турки әл аш-Шейх ұйымдастырған Гран-при турнирінің екінші кезеңінде Қазақстаннан үш боксшы бақ сынайды.

Сауд Арабиясында шайқас басталады: WBC Гран-приінде қазақ боксшыларын не күтіп тұр?
sportburo.kz

Төлтаев жеңілмеген қарсыласпен жұдырықтасады

Санатәлі Төлтаев (3 жеңіс, 2 нокаут) бірінші жартылай жеңіл салмақта Филиппиннің мықтысы Джеральд Интоға (12-0, 9 КО) қарсы жұдырықтасады. Бұл айқас 20 маусым күні Эр-Рияд қаласында өтеді. Инто әлі ешқандай жеңіліс көрмеген тәжірибелі боксшы.

Жеңісов — АҚШ-тың үмітіне қарсы

Жартылай жеңіл салмақта Жолдас Жеңісов (9-0, 4 КО) 21 маусым күні америкалық Трой Нэшпен (4-0, 1 КО) қолғап түйістіреді. Екеуі де рингте әлі жеңіліп көрмеген. Бұл жекпе-жек — турнирдің басты назардағы кездесулерінің бірі болмақ.

Ковригинге екінші мүмкіндік берілді

Сол күні тағы бір қазақстандық, жартылай жеңіл салмақта Александр Ковригин (8-1, 6 КО) нигериялық Юсуф Адениджимен (15-0, 10 КО) кездеседі. Айта кетейік, Ковригин бірінші кезеңде жеңіліп қалған болатын. Бірақ Адениджидің бастапқы қарсыласы турнирден шығып қалғандықтан қазақстандыққа қайта мүмкіндік беріліп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.