
Астанада өтіп жатқан Қазақстан кубогы кезінде жанкүйерлер күтпеген жаңалыққа куә болды. Демеу Жадыраев енді кілемге спортшы емес бапкер ретінде шықты.
Qazaqstan жеңіл атлетикалық кешенінде өтіп жатқан грек-рим күресінен Қазақстан кубогы нағыз тартысты айқастарға толы. Алайда үш күнге созылған бұл турнирдің басты сенсациясы — Демеу Жадыраевтың бапкерлік рөлде қатысуы болды.
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері және елге кеңінен танымал балуан 77 келі салмақ дәрежесінде бұрын өзі белдескен болса, бұл жолы ол Алматы облысы құрамасының бапкерлер штабы қатарынан табылды.
"Бұл не деген сөз, Демеу? Әлде ресми түрде спорттық мансабын аяқтады ма?" – деген сұрақ ел арасында қызу талқыланып жатыр.
Негізгі жетістіктері:
Осы жылдың жазында Олимпиададан кейінгі демалысқа кеткен балуан дүниежүзілік рейтингте төмендеп кеткені белгілі.