Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстан кубогы – 2025: Астанада Азия және әлем чемпионы бетпе-бет келді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
29.05.2025, 15:49

87 келі салмақтағы басты жекпе-жек: жас буын ба, әлде тәжірибе ме? Ислам Евлоев пен Нұрсұлтан Тұрсынов арасындағы жартылай финал жолдамасы үшін өткен айқас жанкүйерлер есінде қалары анық.

olympic.kz
olympic.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан кубогының (24–30 мамыр, Астана) кезекті белдесу күні үлкен қызығушылық тудырған жекпе-жек — Ислам Евлоев пен Нұрсұлтан Тұрсыновтың тартысы болды. Бір жағында – тәжірибе мен рейтинг көшбасшысы, екінші жағында – жас әлем чемпионы.

Евлоев сенсация жасады

Qazaqstan жеңіл атлетика кешеніндегі "B" кілемінде өткен белдесуде Ислам Евлоев қарсыласын сенсациялық түрде жеңді. Бірінші кезеңде ол есепті 6:0-ге жеткізсе, екінші кезеңде Нұрсұлтан Тұрсынов 5 ұпай қайтарып, соңғы 20 секундта нағыз камбэк жасауға тырысты. Алайда уақыт жетпеді — жеңіс Евлоевта қалды.

Айта кетейік, бұл белдесуге дейін екі балуан да соңғы жарыстарда сәтсіздікке ұшыраған: Евлоев – U23 ел біріншілігінің финалында жеңілсе, Тұрсынов – халықаралық турнирде қола үшін күресте жеңілген болатын. 

Ислам Евлоев: жас жұлдыз көкжиекте

  • Туған жылы: 2003
  • Туған жері: Петропавл

Жетістіктері:

  • Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы (2023, 82 кг)
  • U23 Азия чемпионатының финалисі (2023, 82 кг)
  • Жастар арасындағы әлем чемпионы (2024, 82 кг)
  • Мәртебесі: ҚР спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері
  • Әлемдік рейтинг: 31-орын (7 800 ұпай)

Нұрсұлтан Тұрсынов: тәжірибе мен күрестегі жол

  • Туған жылы: 1991, 30 қаңтар
  • Туған жері: Семей

Жетістіктері:

  • Азия чемпионы (2014)
  • Азия чемпионатының үш дүркін финалисі (2015, 2023, 2024)
  • Қола жүлдегер (2022)
  • Олимпиада қатысушысы (2021, 2024)
  • Әлемдік рейтинг: 7-орын (25 200 ұпай)

Даулы дерек: 2016–2020 жылдары допинг үшін (мельдоний) 4 жылға дисквалификация алған. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір