Таиландтағы турнирде қазақ боксшылары 12 медаль жеңіп алды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан құрамасы Бангкокта өткен беделді бокстан турнирде айрықша нәтижеге қол жеткізді. Таиланд Open турнирінде 12 спортшымыз жартылай финалға өтіп, кемі қола медальді қамтамасыз етті.

Таиландтағы турнирде қазақ боксшылары 12 медаль жеңіп алды
Instagram/@boxingkazakhstan

Ширек финалдағы нәтижелер:

Әйелдер:

  • Виктория Графеева — Чи Зан (Сингапур): 5:0 (60 кг дейін);
  • Наталья Богданова — Ньен Чен (Тайпей): 3:2 (70 кг дейін).

Ерлер:

  • Нұрзат Оңғаров — Юн Тэгун (Корея): 4:1 (50 кг дейін);
  • Нұрсұлтан Алтынбек — Мидзогучи Сэхуро (Жапония): 5:0 (55 кг дейін);
  • Дулат Бекбауов — Мунарбек Сейитбекұлы (Қырғызстан): 4:1 (65 кг дейін);
  • Төрехан Сабырхан — Рональд Чавес (Филиппин): 5:0 (70 кг дейін);
  • Диас Молжігітов — Роберт Мускита (Индонезия): 5:0 (80 кг дейін);
  • Бекзат Таңатар — Джуньо (Үндістан): 5:0 (85 кг дейін);
  • Данияр Рахымбердиев — Евгений Павловский (Украина): 5:0 (90 кг дейін).

Кейбір боксшылар турнирдегі алғашқы кездесуін жартылай финалда өткізеді. Олардың қатарында:

  • Надежда Рябец (75 кг дейін),
  • Гүлсая Ержан (80 кг дейін),
  • Елдана Тәліпова (81 кг жоғары).

Бұл спортшылар турнирлік сызба бойынша бірден жартылай финалға өтті және жекпе-жектерін енді бастайды.

Әттеген-ай дейтін сәттер де болды

Қазақ құрамасының жеңістерімен қатар жеңілістер де тіркелді.

  • Жазира Орақбаева (51 кг дейін) — Олимпиада чемпионы Ву Юден (Қытай) ұтылды.
  • Тимур Нұрсейітов — Өзбекстандық Жавохир Абдурахимовқа есе жіберді.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір