
Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы, үш дүркін ел чемпионы Әбілхан Аманқұл (4-0-1, 4 КО) мексикалық бокстың жұлдызы Сауль "Канело" Альваресті (63-2-2, 39 КО) қатты таңғалдырды.
Желіде таралған бейнежазбада Аманқұл "Канело" Альварестің жеке жаттығу залында спаррингке шығып, қарсыласын бауырдан ұрған соққымен ауыр нокаутқа жібергені анық көрінеді. Қатты соққыдан кейін қарсыласы есінен танып, жерге құлап түседі. Ал осы көріністі көзімен көріп тұрған "Канело" ұзақ уақыт бойы рингтен көз алмай, болған жайтқа сенбей қалғаны байқалады.
Аманқұл — қазақстандық бокстың жарқын өкілі.
Әуесқой мансабында ол: