Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Мектеп бар, бірақ маман жетіспейді": Тұрсынғали Еділов қазақ боксының құлдырау себебін атады

Редактор Penalty.kz
03.06.2025, 08:27

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов қазіргі қазақ боксының күйі мен болашағы туралы ойын айтты. 

instagram/@tursungali.edilov
instagram/@tursungali.edilov

Prosports.kz тілшісі ел боксының ақсақал маманымен тілдесіп, түйткілді сұрақтарға жауап алды.

Таиландтағы нәтиже – жоспарға сай

— Тұрсынғали Нұржақыпұлы, жуырда ұлттық құрама Таиландтағы халықаралық турнирден оралды. Қалай бағалар едіңіз?

— Бұл жарысқа Азия мен Еуропаның мықты құрамалары жиналды. Бірақ біздің мақсат басқа болды — негізгі құрамның біраз жігіті алдағы Әлем кубогына дайындалып жатыр. Сондықтан Таиландқа жас боксшыларды апардық. Олар өздерін жаман көрсеткен жоқ, нәтиже көңілге қонымды. Алаңдайтын ештеңе жоқ.

Өзбекстан неге алға шықты?

— Соңғы жылдары Қазақстан боксшылары Өзбекстанмен салыстырғанда төмен нәтиже көрсетіп жүр. Неліктен деп ойлайсыз?

— Бұл – шындық. Бізде сәл құлдырау жүріп жатса, оларда — серпіліс. Мұндай кезеңдер кез келген елде болады. Бірақ бізде әлеует бар. Жас спортшылар көп, облыстарда резерв қалыптасып жатыр. Федерация нақты жұмыс жүргізіп жатыр, табиғи іріктеу процесі басталды.

Ең бастысы – біздің мектебіміз бар. Ол ешқайда кеткен жоқ. Уақыт өте келе бәрі орнына келеді.

Маман тапшылығы – басты мәселе

— Жақында бұрынғы бас бапкер Дамир Буданбеков боксымыздың бұрынғы жетістіктерін жаттықтырушылар құрамымен байланыстырған еді. Сіз келісесіз бе?

— Әбден келісемін. Қазір тәжірибелі, білікті жаттықтырушылар жетіспейді. Бұрын кеңестік мектептен өткен мамандар болды, өзім де сондай мамандармен жұмыс істедім. Қазір жастар асығыс, дайындыққа және оқу-жаттығу жиындарына үстірт қарайды. Бұл да өз әсерін беріп отыр.

Федерация бұл мәселені жақсы түсініп, жаттықтырушыларға арналған семинарлар өткізе бастады. Жақын арада шетелден де мамандар шақырылады. Жағдай жақсаратынына сенімдімін.

Әлімханұлы мен реванш: Бентлиді қайта жеңе ала ма?

— Жәнібек Әлімханұлы мен британиялық Дензел Бентли арасындағы реванш туралы айтылып жүр. Екінші кездесуде қиындық болуы мүмкін бе?

— Жәнібек бірінші жекпе-жекте Бентлиден басым түсті. Тәжірибе мен шеберлік жағынан ол жоғары. Қазір ол тыңғылықты дайындалып жатыр. Меніңше, реваншта да жеңіске жетеді. Сабырлы, сенімді түрде.

Трансгендерлер мен спорт: Таза бәсекеге қолдау қажет

— World Boxing федерациясы гендерлік тестілеуді міндеттеуді көздеп отыр. Сол себепті Иман Хелиф жарыстарға қатыса алмайды. Бұған көзқарасыңыз қандай?

— Мұндай тексерістер бұрыннан болуы керек еді. Қазір медицина алға кетті, кейбір елдерде Олимпиада үшін операция жасатып жатқандар да бар. Бұл — спортқа жат.

Алжирлік боксшы қыздың қатысуына тыйым салынуы – дұрыс шешім. Әлем чемпионаттары мен Олимпиада алдында гендерлік тестілеу міндетті болуы тиіс. Спорт таза, әділетті болуы керек.

Головкин федерацияда: өз адамың болса – сенімдірек

— World Boxing ұйымының Олимпиадалық комиссиясын Геннадий Головкин басқарады. Бұған пікіріңіз?

— Бұл — біз үшін үлкен плюс. Гена – салмақты адам, сөзі өтімді. Бұрын әділетсіз шешімдер болып жатса, енді ондайға жол берілмейді деп сенемін. Бұл – біздің спортшылар үшін психологиялық қолдау. Рингте өзіңді сенімді сезіну үшін жоғары жақта қолдайтын адамыңның болуы өте маңызды. Головкин – біз үшін стратегиялық артықшылық. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір