ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Жеңілмеген қазақ боксшы әлем құрамасына шақырту алды (ВИДЕО)

Жеңілістің ащы дәмін татпаған кәсіпқой боксшы Рахат Сейітжан әлем құрамасының сапына енді. Бұл құрама 21 маусымда Санкт-Петербургте Ресей құрамасына қарсы матчтық кездесуге қатысады. Жекпе-жек Петербург халықаралық экономикалық форумының (ПМЭФ) аясында өтеді. 

Жеңілмеген қазақ боксшы әлем құрамасына шақырту алды (ВИДЕО)
instagram/@seitzhan.rakhat

Форум аясындағы бокс кеші: бес салмақ, бес мықты

Матч кәсіби бокс форматында өтеді. Боксшылар бес түрлі салмақ дәрежесінде (57, 60, 67, 71 және 92+ кг) күш сынасады. Әр жекпе-жек 3 минуттан 4 раундқа созылады.

Қазақстандық боксшы Рахат Сейітжан бұл додада ресейлік Александр Зыряновпен жұдырықтасады. Айта кетейік, Сейітжанның кәсіпқой бокстағы рекорды – 10 жеңіс және бірде-бір жеңіліс жоқ, ал Зыряновтың көрсеткіші – 2 жеңіс, жеңіліссіз. Бұл тартысты кездесу жартылай орта салмақта өтеді.

Әлем құрамасының сапында кімдер бар?

Қазақстандық Сейітжаннан бөлек әлем құрамасына төмендегі боксшылар шақырту алған:

  • Уильям Флорес (Венесуэла)
  • Артур Базеян (Армения)
  • Эмилиано Пучета (Аргентина)
  • Джексон Мюррей (Австралия)

Олар да өз салмақтарында қарсыластарына лайық қарсылық көрсетпек.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.