Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық әлем чемпионы Эйндховендегі алғашқы жекпе-жегінде үстемдік танытты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
06.06.2025, 21:33

Жастар арасындағы әлем чемпионы Сабыржан Ақхалықов Нидерландының Эйндховен қаласында өтіп жатқан Eindhoven Box Cup-2025 халықаралық турниріндегі алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.

instagram/@akkalykov_sabirzhan
instagram/@akkalykov_sabirzhan

75 келідегі айқын басымдық

Аса тартысты өткен алғашқы айналымда Ақхалықов 75 келіге дейінгі салмақта Уэльс боксшысы Орландо Холлей-Сатомимен жұдырықтасты. Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық былғары қолғап шебері барлық төрешінің бірауыздан шығарған шешімімен – 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұл жекпе-жек Ақхалықовтың мықты формада екенін дәлелдеді және оның турнирдегі басты фавориттердің бірі екенін көрсетіп отыр.

Сабыржан келесі кезеңде ринг иесі, яғни Нидерланд құрамасының өкілі Кипрус Сайруспен кездеседі.

Ақхалықов кім?

Сабыржан Ақхалықов — 2021 жылғы жастар арасындағы әлем және 2024 жылғы Азия чемпионы. Сонымен қатар 2025 жылы Болгарияда өткен "Странджа кубогында" ересектер арасында алтын медаль иегері. 2021 жылы кәсіпқой бокста да күш сынасты. Қарағанды мен Астанада екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де техникалық нокаутпен жеңіске жеткен. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір