Бақыт Сәрсекбаев: "Қазақ боксшыларының басты қателігі — тек нокаутты ойлау"
U-22 құрамасының бас бапкері жас спортшылардың басты кемшілігін атады.
Қазақстан жастар құрамасының (U-22) бас жаттықтырушысы Бақыт Сәрсекбаев жас боксшылардың рингтегі негізгі қателігі туралы өз пікірін ашық айтты.
"Нокаут емес, бокстасу керек"
"Біздің көптеген боксшылар бір соққымен жекпе-жекті аяқтауға тырысады. Бірақ рингке тек нокаут үшін шыққан боксшы қарсыласын құлата алмайды. Ақырында ол соққы да жасай алмай, нокаут та жасай алмай қалады.
Мен оларға үнемі айтамын: "Рингке шыққанда мақсат — қарсыласты ұру емес, бокстасу керек". Бокс деген — екі интеллектуалдың сайысы. Сондықтан тек күш емес, ақыл да қажет", — деді Сәрсекбаев.
Азия чемпионатындағы тарихи нәтиже
Айта кету керек, жақында Шри-Ланкада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Бақыт Сәрсекбаевтың шәкірттері керемет нәтиже көрсетті. Қазақстан құрамасы 22 алтын медаль жеңіп алып, құрлықтық жарыста абсолютті көшбасшы атанды.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.