Сенсациялар мен нокауттар: Боксшыларымыз Eindhoven Box Cup турнирінде қалай өнер көрсетті?
Қазақстандық былғары қолғап шеберлері Eindhoven Box Cup турнирінің ширек финалындық жекпе-жектерін өткізді. Жанкүйерлер сенсациялық жеңілістерге де, жарқын жеңістерге де куә болды.
Жекпе-жек нәтижелері: кім жеңді, кім сүрінді?
- 50 кг. Даниял Сәбит — Максим Рудик (Украина)
Сәбит төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті (5:0).
- 55 кг. Махмұт Сабырхан — Максим Зименко (Украина)
Сенсация! Әлем чемпионы Сабырхан төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.
- 65 кг. Ертуған Зейноллинов — Абдулла Абу-Араб (Дания)
Қарсылас бірінші раундта жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Зейноллинов — жеңімпаз.
- 70 кг. Абылайхан Жүсіпов — Симон Рит (Германия)
Ұлттық құраманың көшбасшысы төрешілердің бірауыз шешімімен келесі кезеңге өтті (5:0).
- 75 кг. Сабыржан Ақхалықов — Сайрус Кларинда (Нидерланд)
Ақхалықов қарсыласын айқын басымдықпен жеңді (5:0).
- 80 кг. Ерасыл Жақпеков — Энди Симба (Бельгия)
Симба үшінші раундта жарақатына байланысты кездесуді жалғастыра алмады. Жақпеков жеңісті еншіледі. Қазақстан құрамасы үшін ширек финал сәтті өтті: алты боксшының бесеуі келесі кезеңге жолдама алды. Жанкүйерлерді тек Махмұт Сабырханның күтпеген жеңілісі таңғалдырды.