ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Бүгін Эйндховенде сегіз қазақстандық боксшы финалға таласады

Эйндховен қаласында (Нидерланды) өтіп жатқан халықаралық EBC бокс турнирінің жартылай финалдық кезеңінде сегіз қазақстандық боксшы рингке шығады.

Бүгін Эйндховенде сегіз қазақстандық боксшы финалға таласады
olympic.kz

8 маусым күні, Эйндховен аренасында күндізгі және кешкі сессиялар аясында жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді. Қазақстан құрамасының мүшелері финал жолдамасы үшін өз салмақ дәрежелерінде түрлі елдердің мықты қарсыластарымен күш сынасады.

Күндізгі сессия (Астана уақытымен 17:00 – 20:00):

  • 50 кг: Даниял Сәбит Редуан Асайхи (Бельгия)
  • 65 кг: Ертуған Зейноллинов Али Абдуллаев (Әзербайжан)

Кешкі сессия (Астана уақытымен 22:00 – 00:00):

  • 70 кг: Абылайхан Жүсіпов — Анас Каддури (Бельгия)
  • 75 кг: Сабыржан Ақхалықов Джамал Кулиев (Украина)
  • 80 кг: Ерасыл Жақпеков — Силас Идэ (Дания)
  • 85 кг: Дәулет Төлемісов — Идрис Леганас (Бельгия)
  • 90 кг: Сағындық Тоғамбай — Турабек Хабибуллаев (Өзбекстан)
  • 90 кг: Нұрлан Сапарбай — Идрис Шонуби (Бельгия)
Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.