Нидерландыдағы турнир: Қазақ боксшысы нокаутпен финалға жолдама алды

Жекпе-жек шолушысы

Қазақстандық жас боксшы Даниял Сәбит Нидерландыда өтіп жатқан Eindhoven Box Cup турнирінің жартылай финалында нокаутпен жеңіске жетіп, алтын үшін таласуға мүмкіндік алды.

Нидерландыдағы турнир: Қазақ боксшысы нокаутпен финалға жолдама алды
vesti.kz

Eindhoven Box Cup турниріннде 50 кг дейінгі салмақта өнер көрсететін Даниял Сәбит Бельгия өкілі Редуан Ассаимен қолғап түйістірді. Жекпе-жек мерзімінен бұрын Даниялдың жеңісімен аяқталды.

Қазақстандық боксшының соққылары қарсыласын есінен тандырып, төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша Сәбит финалға жолдама алып, алтын жүлдеге үміткер атанды. Ал Ассаи турнирді қола медальмен аяқтады.

Сәбиттің жетістіктері қандай?

Даниял Сәбит – Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Ол бұл жетістікке 2021 жылы, небәрі 18 жасында қол жеткізген Қазір халықаралық аренада ел атын шығарып жүрген болашағы зор жас спортшы.