
Астанадағы World Boxingкубогының жартылай финалында Алуа Балқыбекова 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бразилиялық Каролин Барбоса де Алмейдамен қолғап түйістіріп, қазылар алқасының бір ауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша Алуа Балқыбекова өз жерімізде өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалына жолдама алды. Енді ол алтын жүлде үшін айқасады. Ал оның қарсыласы Каролин Барбоса кубоктағы өнерін қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, Алуа қазіргі әлем чемпионы. Бұған дейін ол:
Сондай-ақ, ол 2021 және 2022 жылдары Азия чемпионатында екі мәрте алтын медаль иеленген.