Жеңілмейтін қазақ – Қайсар Жауғашар қарсыласын нокаутпен құлатты (ВИДЕО)
Octagon 75 турнирінде Қайсар Жауғашар өзбекстандық қарсыласын бірінші раундта-ақ сұлатып түсірді. Бұл оның кәсіпқой мансабындағы бесінші жеңісі.
Instagram/@zhaugasharr
Қайсар Жауғашар жеңіліссіз сериясын жалғастырды
Ташкенттегі (Өзбекстан) Octagon 75 турнирі аясында жеңіл салмақтағы тартысты айқастардың бірі өтті. Рингте қазақстандық Қайсар Жауғашар (4-0) мен жергілікті Дилдорбек Нурматов (5-4) күш сынасты.
Жекпе-жек ұзаққа созылған жоқ. Алғашқы раундтың 4 минут 37 секундында Қайсар қарсыласын ауыр соққымен нокаутқа түсіріп, жеңісті мерзімінен бұрын еншіледі.
Жеңіс сериясы жалғасуда
Осылайша Жауғашар кәсіби мансабындағы бесінші жеңісіне жетсе, Нурматов бесінші рет жеңіліске ұшырады. Қайсар әлі күнге дейін жеңілмеген спортшылар қатарында.
Нокаут сәтінің видеосын төменнен көре аласыз.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet