Қазақстан боксшылары Астанадағы кубокта 16 медаль жеңіп алды
Елордада World Boxing ұйымының аясында ұйымдастырылған бокстан әлем кубогы мәреге жетті. Ұлттық құрама 16 жүлдеге ие болды.
Instagram/@boxingkazakhstan
Қазақстандықтар 8 алтын медаль жеңіп алды
Турнирде ел намысын қорғаған боксшылар 8 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.
"Алтын" иеленгендер:
- Санжар Ташкенбай — 50 кг
- Махмұт Сабырхан — 55 кг
- Сабыржан Ақхалыков — 75 кг
- Бекзат Нұрдәулетов — 85 кг
- Айбек Оралбай — 90+ кг
- Назым Қызайбай — 48 кг
- Виктория Графеева — 60 кг
- Наталья Богданова — 70 кг
Күміс медаль иегерлері:
- Нұрбек Оралбай — 80 кг
- Алуа Балқыбекова — 51 кг
- Надежда Рябец — 75 кг
- Елдана Тәліпова — 80+ кг
Қола медаль иегерлері:
- Ертуған Зейноллинов — 65 кг
- Сағындық Тоғамбай — 90 кг
- Айдана Забынбекова — 57 кг
- Аида Әбікеева — 65 кг
Қазақстан — командалық есепте үздіктер қатарында
Халықаралық турнирде жоғары нәтижелер көрсету арқылы Қазақстан құрамасы командалық есепте де үздіктер қатарынан көрінді. Ерлер мен әйелдер арасындағы барлық салмақ дәрежелерінде отандастарымыз мықтылық танытты.
- Қазақстан — 8-4-4
- Бразилия — 4-2-1
- Үндістан — 3-5-3
- Австралия — 1-1-1
- Өзбекстан — 1-0-4
- Франция — 1-0-3
- Норвегия — 1-0-0
- Финляндия — 1-0-0
- Түркия — 0-2-6
- Жапония — 0-1-2
- АҚШ — 0-1-2
- Болгария — 0-1-1
- Германия — 0-1-1
- Моңғолия — 0-1-1
- Филиппины — 0-1-0
- Әзербайжан — 0-0-3
- Англия — 0-0-3
- Қырғызстан — 0-0-1
- Нигерия — 0-0-1
- Польша — 0-0-1
- Тайвань — 0-0-1
- Доминикан Республикасы — 0-0-1.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet