
Ташкентте Octagon 75 турнирінің басты жекпе-жегі жанкүйерлерді таңғалдырды. "Айдаһар" лақап атымен танымал Азамат Нуфтиллаев небәрі 53 секундта қарсыласын жеңіп, уақытша ауыр салмақ чемпионы атанды.
Жекпе-жекке Ресейден келген Даниял "Т-34" Эльбаев (12 жеңіс, 6 жеңіліс) пен өзбекстандық Азамат "Айдаһар" Нуфтиллаев (16 жеңіс, 1 жеңіліс, 1 тең ойын) шықты. Бұл кездесу Octagon ұйымының уақытша ауыр салмақ чемпионы атағын сарапқа салды.
Айқас алғашқы раундтың 53-секундында аяқталды. Нуфтиллаев қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңіп шықты. Бұл әдіс кәсіби ММА ареналарында сирек әрі шеберлікпен жасалатын тәсілдердің бірі.
Жекпе-жектің видеосын төменнен көруге болады:
Бұл Азамат Нуфтиллаевтың кәсіби мансабындағы 17-ші жеңісі болды. Ол осылайша Octagon лигасының уақытша ауыр салмақ чемпионы атанды.
Ал ресейлік Даниял Эльбаев үшін бұл жетінші жеңіліс болып тіркелді. Жекпе-жек тез аяқталғанымен, әсері ұзаққа созылатын тарихи сәт ретінде ММА тарихында қалмақ.