Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Шавкат Рахмонов жарақатынан кейінгі жағдайын айтып, UFC-ге қашан оралатынын болжады

Редактор Penalty.kz
07.07.2025, 15:42

Қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов октагонға оралу мерзіміне қатысты пікір білдірді. 

instagram/@shavkatrakhmonov94
instagram/@shavkatrakhmonov94

Еске салайық, Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген. Кейін жартылай орта салмақтағы чемпиондық титулға басты үміткер ретінде танылды. Алайда Белал Мухаммадқа қарсы жекпе-жектен жарақатына байланысты бас тартуға мәжбүр болды.

"Жыл соңына дейін оралуға үміт бар"

"Әрине, басты мақсат — жарақаттан толық айығу мен спорттық форма жинау. Егер бәрі жоспарға сай өтсе, жыл соңына қарай октагонға қайта оралғым келеді. Бірақ мұның бәрі біздің дивизиондағы чемпион кім болатынына да байланысты. Сол себепті аздап күту керек. Чемпиондық жекпе-жек кейінге шегерілді, енді бәрін командамен бірге бағалап, шешім қабылдаймыз", — деді Шавкат.

Жарақаты туралы: "Бұл спортта ауырсынусыз жетістікке жету мүмкін емес"

"Жарақаттың нақты сипаттамасына терең тоқталғым келмейді. Қазір ем алып жатырмын. Мұндай жағдай кез келген спортшының басынан өтеді. Бұл біздің кәсіп — кейде жарақат, кейде микротравмалар болады. Бұл спортта ауырсыну мен қиындықсыз жеңіске жету мүмкін емес", — деп мәлімдеді файтер Ulysmedia.kz-ке берген сұхбатында.

Шавкат Рахмонов ММА-да 19 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Қазір ол UFC рейтингінде жартылай орта салмақта үшінші орында тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір