Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Шавкат Рахмонов балалық шағы жайлы естелігін бөлісті

Сарапшы, спорт журналисі

Аралас жекпе-жек шеберінің айтуынша, ол мұндай дәрежеге нағашыларының арқасында жеткен. 

Шавкат Рахмонов балалық шағы жайлы естелігін бөлісті
NUR.KZ

UFC-дегі жартылай орта салмақта ел намысын қорғап жүрген Шавкат Рахмонов өз мансабындағы табыстардың бастауында кім тұрғанын ашық айтты. Бұл туралы ол Ulysmedia YouTube арнасына берген сұхбатында бөлісті.

"Нағашыларымды ерекше жақсы көремін"

Белгілі файтер балалық шағы туралы әңгіме өрбітіп, өзінің өмірінде үлкен рөл атқарған адамдарды еске алды:

"Маған қиын кезде отбасым қолдау берді. Мен нағашы әжемнің қолында өскенмін. Әжемнің қасында жататын едім. Нағашыларымды ерекше жақсы көремін, сол кісілердің арқасында осындай жетістіктерге жетіп жатырмын. Әжем маған қатты сенетін еді", – деді Шавкат Рахмонов

Ол жанкүйерлерінің сенімін ақтауға тырысып жүргенін айтып, әрбір жеңісінің артында жанұя мен елдің қолдауы тұрғанын атап өтті.

Жауынгердің жаңа белесі

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов UFC ұйымында жеңіліссіз өнер көрсетіп келеді. Оның рекорды – 18 жеңіс, 0 жеңіліс. Ол Қазақстан аралас жекпе-жек тарихындағы ең жарқын тұлғалардың бірі саналады. Келесі жекпе-жегі де үлкен қызығушылық тудырып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 5
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір