Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Жарақатпен жеңіске жетті" — Бапкер Қызайбай туралы шындықты айтты

Редактор Penalty.kz
09.07.2025, 23:02

Алматы құрамасының аға бапкері  Назым Қызайбайдың жағдайы туралы айтты. 

фото ашық дереккөздерден алынды
фото ашық дереккөздерден алынды

Астанада өткен әйелдер арасындағы бокстан әлем кубогының қорытындысы бойынша Алматы құрамасының аға бапкері Долқунжан Камеков өз пікірін білдірді.

"Бұл турнир — біздің құрама үшін маңызды сынақ болды. Өзіміздегі жарыс тек спортшылар үшін емес, бапкерлер штабы үшін де өзіндік емтихан іспеттес өтті. Жалпы командамыз өзіне жүктелген міндетті атқара білді. Дегенмен толыққанды қанағаттанарлық нәтиже деуге келмейді — әлі де жетілдіруді қажет ететін тұстар бар. Ең бастысы, біз әр боксшының мүмкіндігін көріп, қай бағытта жұмыс істеуіміз керек екенін анықтадық", — деді Камеков.

Қызайбай жарақатпен шыққан финалда шеберлік көрсетті

Бапкердің айтуынша, турнир барысында команданың көшбасшыларына ерекше назар аударылған. Соның ішінде Назым Қызайбай финалға дейін сүрінбей жетіп, техникалық және тактикалық шеберліктің жоғары деңгейін паш еткен.

"Назым жеңіл жарақатына қарамастан, әр жекпе-жекте өз мінезін көрсетті. Ол финалда тамаша өнер көрсетіп, өзінің салмақ дәрежесіндегі үздік спортшы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді", — деді Долқунжан Камеков.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Назым Қызайбай Астанадағы әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір