Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстан балуандары Азия чемпионатында екі "алтын" алды

Редактор Penalty.kz
11.07.2025, 11:36

Бішкекте өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық балуандар екі алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алып, ел абыройын асқақтатты.

Sports.kz
Sports.kz

9–10 шілде күндері Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен жастар арасындағы грек-рим күресі бойынша Азия чемпионатында қазақстандық жас балуандар керемет нәтиже көрсетті. Спортшыларымыз төрт медаль жеңді. Соның екеуі алтын.

Екі алтын – Қазақстан еншісінде

87 келі салмақ дәрежесінде белдескен Темірлан Тұрдақын барлық қарсыласын тізе бүктіріп, Азия чемпионы атанды. Ал 82 келіде күрескен Диас Сейітқалиев те алтыннан алқа тағып, Қазақстан намысын абыроймен қорғады.

Күміс пен қола – үмітті жалғаған жүлделер

77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Омар Дүйсенбек финалға дейін жетіп, күміс жүлдені еншіледі. Ал 55 келідегі Мұсан Ерасыл қола медаль иеленіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Бұл жетістік – ел спортының келешегіне сенім ұялататын жарқын нәтиже. Қазақстандық жас балуандардың Азия чемпионатында көрсеткен өнері – жаттықтырушылар еңбегі мен күрес мектебінің жоғары деңгейін көрсетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір