Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Дулат Бекбауовтың кәсіпқой бокстағы дебюті күтпеген нәтижемен аяқталды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық боксшы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде сенімді жеңіске жетті.

Алматыдағы айқас: Бекбауов – Хасанов

Кездесу Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде ұйымдастырылды. Оның қарсыласы әзербайжандық Ниджат Хасанов (5 жеңіс, 2 тең ойын, 2 нокаут) болды.

Жекпе-жек жартылай орта салмақта сегіз раундқа жоспарланған болатын. Алайда айқас алтыншы раундқа дейін ғана жалғасты – Хасанов жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Бұған Бекбауовтан алған ауыр соққылар мен денсаулығына қауіп төнуі себеп болды. 

Кәсіпқой мансаптың сенімді бастауы

Осылайша Дулат Бекбауов кәсіпқой рингтегі жолын жарқын жеңіспен бастады. Бұл – Хасанов үшін де маңызды сәт болды. Себебі ол осыған дейін бірде-бір жеңіліс көрмеген. Бұл жолы алғаш рет тізе бүкті.Бекбауов әуесқой бокста әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының вице-чемпионы ретінде үлкен тәжірибеге ие.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір