
Ауыр салмақтағы боксшылар арасында WBC, WBO, WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Александр Усик жаттығу лагерін ресми түрде аяқтады. Ол Испанияның Гандия қаласындағы дайындық базасынан Ұлыбритания астанасы Лондонға жол тартты.
19 шілде күні атақты "Уэмбли" стадионында Усик IBF белбеуінің иегері Дэниел Дюбуаға қарсы реванш жекпе-жегіне шығады. Бұл кездесу — суперауыр салмақта абсолютті чемпионды анықтайтын шешуші айқас болмақ.
Александр Усик Instagram парақшасында: "Келесі аялдама — Лондон" деп жазып, алдағы кездесуге тас-түйін дайын екенін білдірді.
Айта кетейік, Усик пен Дюбуа арасындағы алғашқы жекпе-жек 2023 жылдың тамыз айында Польшадағы Вроцлав қаласында өткен. Сол кезде украиналық былғары қолғап шебері тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.