Асу Алмабаев жаңа қырынан танылды (ВИДЕО)
Қазақстандық UFC жұлдызы Асу Алмабаев өзінің жаңа амплуасындағы дайындығын көрсетіп, Instagram парақшасына ерекше видео жүктеді.
instagram/@asu_zulfikar57
Жаңа бағыт – соққы техникасы
Әдетте грэпплинг әдістерімен танылған Асу бұл жолы басымдықты соққы техникасына берген. Видеода ол қол және аяқпен соққы жасауды шеберлікпен орындайды. Мұндай өзгеріс – алдағы жекпе-жекке тыңғылықты дайындықтың белгісі.
"Сен ерекше емессің. Көп еңбектен!" – деп жазды Асу видеосының сипаттамасына.
Келесі қарсыласы перулық файтер
26 шілде күні Абу-Дабиде өтетін UFC on ABC 9 турнирінде Асу Алмабаев перулік Хосе Очоамен кездеседі. Бұл жекпе-жек бастапқыда өзбекстандық Рамазан Темировпен жоспарланған болатын. Алайда Темиров допинг сынамасынан өте алмай, турнирден шеттетілді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet