Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қарағандылық әлем чемпионын залдан қуып шықты

Редактор Penalty.kz
15.07.2025, 15:45

Жастар арасында бокстан әлем чемпионы, жуырда әлем кубогы кезеңінде топ жарған Сабыржан Ақхалықов жаттығу жасай алмай жүргенін айтып, жанайқайын жеткізді.

olympic.kz
olympic.kz

Сабыржан Ақхалықов: “Туған жерімде залға кіре алмаймын”

Шахтинск қаласының тумасы Сабыржан Ақхалықов өз қаласында спортзалға кіре алмай жүргенін мәлімдеді. Оның айтуынша, "Тентек" спорт кешенінде бұрын жаттыққанымен, соңғы кезде залдан қуылып жүр.

"Бір сағат жаттығу үшін кейде 1000 теңге төлеймін. Қазір лимит қойып тастаған, бізді залдан шығарып жібереді. Қазақстанның кез келген қаласына барсам, мені құрметтеп қарсы алады, тіпті суретке түседі. Ал өз туған қаламда, жертөледен бастап чемпион атанған жерімде — бізге есік жабық", – дейді спортшы.

“Плакат іліп, "чемпион" дейді, ал іс жүзінде...”

Сабыржанның айтуынша, ол бокспен айналысатын залға кіре алмай, орнын басқа спорт түрлеріне беріп қойған:

"Плакат жасап, “Біздің чемпион” деп мақтанады. Бірақ жаттығуға келсем, “бүгін залда каратэшілер мен брейкдансшылар” дейді. Бұл – бокстың залы ғой! Бірақ бізді ысырып тастайды", – деп қынжылады ол.

Әкімдік уәде берді, бірақ орындалмады

Ақхалықов осы мәселені әлем чемпионы атанған кезде-ақ көтергенін, тіпті Шахтинск қаласының әкімімен кездескенін айтты.

"Әкімдікке барғанда, қала әкімі: “Сабыржан, не қажет? Қандай көмек керек?” – деп сұрады. Мен тек душ керек екенін айттым. Біз бұрын ДЮЦ-те (балалар үйірмесінде) жаттыққанбыз, олар “жасаймыз” деді. Бірақ кейін ДЮЦ директоры бас тартып, душсыз қалдық", – дейді ол.

Кейінірек спортшы мен бапкері біршама уақыт ыңғайлы жағдайда жаттыққан, алайда уақыт өте келе қайтадан бұрынғы қиындықтарға тап болған.

Түсірілім кезінде де кедергі болды

Сабыржан жақында өз спорттық жолын баяндайтын деректі фильм түсірмек болған, бірақ ол үшін залға кірмек болғанда, рұқсат берілмеген. Бұл жағдай спортшының намысына тиген:

"Осындай жағдайлар қайталана берген соң, ол жерге барғым да келмей қалды", – дейді чемпион.

Жаттығу үшін енді Қарағандыға қатынап жүр

Қазір Сабыржан Шахтинсктен Қарағандыға барып, Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайы немесе спорт интернатына жаттығуға мәжбүр. Соған қарамастан оның жүрегінде болашақта туған жерінде еркін жаттығатын күн туады деген үміт бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір