
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионаты алдында Алматыдағы оқу-жаттығу жиынында "жазаға" ілікті. Алайда бұл спортшылардың рухын түсірген жоқ.
Команда капитаны, бокстан үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Instagram парақшасында қызықты видео жариялады. Онда ұлттық құраманың спортшылары "упор лёжа" күйінде жаттығу залында әріптесін күтіп тұрған сәті көрсетілген.
Олардың айтуынша, әріптестерінің бірінің жаттығуға кешігуі себепті барлығы жаза ретінде осы қалыпта тұруға мәжбүр болған.
"Бұл енді жаттығудың бір бөлігіне айналды", — деп әзілдейді спортшылар.
Жауап ретінде басты бапкер Елдос Сайдалин:
"Тұрыңдар, тұрыңдар. Наташа Шымкентке кетіп қалған", — деп әзілмен жауап берді.
Видео Instagram-да:
"Қатарға кешіккендерді осылай күтеміз" деген жазумен жарияланған.
Қазір Қазақстан әйелдер құрамасы Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Жаттығу процесін Елдос Сайдалин бастаған бапкерлер құрамы қадағалап отыр.Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты биыл күзде Англияның Ливерпульде өтеді.