Универсиада-2025: Қазақстандық дзюдошылар алғашқы медальдарын жеңіп алды
Германияда өтіп жатқан 2025 жылғы Жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасының дзюдошылары алғашқы жүлделерін қоржынға салды.
Спортты дамыту дирекциясы
Жарыстың алғашқы күніндегі екі “қола”
Жарыстың алғашқы күнінде татамиге шыққан екі бірдей қазақстандық спортшы жартылай финалға дейін жетіп, нәтижесінде қола медаль иеленді.
- 60 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Аман Бақытжан шешуші белдесуде грузин дзюдошысы Лука Модебадзеден басым түсіп, қола жүлдені жеңіп алды.
- Ал 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрқанат Серікбаев украиналық Микита Холобородьконы тізе бүктіріп, үшінші орыннан көрінді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet