Бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қандай жоспармен бара жатыр? (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Ерлер мен әйелдер құрамасы алғаш рет өтетін World Boxing ұйымдастыруындағы әлем чемпионатына қызу дайындалып жатыр. Бұл туралы Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді.

Бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қандай жоспармен бара жатыр? (ВИДЕО)
offside.kz

“Жанашардағы” оқу-жаттығу жиыны

Сәтжановтың айтуынша, команда 21 шілдеден 7 тамызға дейін Алматы облысындағы “Жанашар” базасында алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бұл кезеңде басты назар — спортшылардың жалпы физикалық дайындығын арттыруға бағытталған.

“Бізге Камачо бауырлары көмектесіп жатыр. Олар жалпы физикалық дайындық бойынша халықаралық тәжірибесі бар мамандар. Ал 14–26 тамыз аралығында екінші кезеңдік жиын өтеді. Кейін 26 тамызда команда Англияға аттанады”, – деді Сәтжанов.

Чемпионат қашан және қайда өтеді?

2025 жылғы 4–14 қыркүйек аралығында бокстан әлем чемпионаты Англияның Ливерпуль қаласында, M&S Bank Arena аренасында өтеді. Бұл — World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен алғаш рет өткізілетін әлемдік деңгейдегі турнир болмақ.

Чемпионат аясында ерлер және әйелдер арасында 10 салмақ дәрежесі бойынша үздіктер анықталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір