Бокстан Қазақстан чемпионаты қашан және қай жерде өтеді?
Қазақстан бокс федерациясы ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионатының қай қалада және қай уақытта өтетінін ресми түрде жариялады.
olympic.kz
Чемпионат Семейде өтеді
Ұлттық біріншілік 12–19 қазан аралығында Семейде ұйымдастырылады. Бұл дода Ливерпульде өтетін әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін бір айға жетпейтін уақытта басталмақ.
Ұлттық құрама жасақталады
Аталған турнирде 2026 жылға арналған Қазақстан құрамасы жасақталады. Тек әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткен боксшылар бұл іріктеуден босатылады.
Еске сала кетсек, Қазақстан чемпионатының алдыңғы маусымы 2024 жылдың желтоқсан айында Қарағандыда өткен.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet